Ыстырмалардың бұзушы әрекеттерін топтастырыңыз?

Kbat Компьютерлік вирустар шектеусіз уақыт дискеталар мен қатты дисктерде сақталынып, одан кейін кездейсоқ немесе әдейі зақымдалған файлдарды қолданғанда компьютерлерді зақымдауы мүмкін. Вирус компьютерге зақымдалған бағдарламаны орындағанда жұғады.

Компьютерлік вирустардың топтастырылуы

Вирустарды келесі белгілері бойынша мына топтарға бөлуге болады:

жұмыс алгоритмі бойынша:

- компаньон-вирустар - өз бойында файлдарды өзгертпейтін бағдарламаларды білдіреді. Бұл вирустардың жұмыс алгоритмі компьютердің жадысында орналасқан ЕХЕ-файлдар үшін сол аттағы, бірақ .СОМ кеңейтуіндегі файл-спутниктерді жасаудан тұрады;

- «құрт»-вирустар - компьютерлік желілерде компаньон-вирустар сияқты таралады, файлдарды немесе дисктердегі секторларды өзгертпейді;

- паразиттік - өзінің көшірмелерін таратқанда, файлдардың өздерін толық немесе жартылай жұмысқа икемді етіп қалдыра отырып файл ішіндегісін міндетті түрде өзгертетін барлық файлдық вирустар жатады;

- студенттік - бұлжиі резиденттік емес және көп қателерден тұратын өте қарапайым вирустар.

- көзге көрінбейтін вирустар - өз бойында DOS-ң зақымдалған файлдарға немесе диск секторларына жүктемелерін ұстап алып, өз орнына ақпараттың зақымдалмаған бөліктерін «апарып қоятын» жетілген бағдарламаларды білдіреді;

- полиморфтік - бұл сигнатурасы жоқ, яғни кодтың бірде-бір тұрақты бөлігінен тұрмайтын өте қиын айқындалатын вирустар.

вирустың өмір сүру ортасы бойынша:

- файлдық - орындалатын файлдарға енеді;

- жүктемелі - дисктерді зақымдағанда жүктемелі вирустар өздерінің кодын жүйені жүктегенде басқаруға ие болатын қандай да бір бағдарламаның орнына «апарып қояды»;

- арнайы - БҚ нақты ерекшеліктеріне бағытталған, мысалы, Word редакторының құжаттарын зақымдайтын вирус;

- макро- вирустар – мәліметтерді өңдеудің кейбір жүйелерінде (мәтіндік редактор, электронды кестелер және т.б.) орнатылған тілдердегі бағдарламалар болып табылады;



- желілік - компьютерлік желі бойынша таралады.

өмір сүру ортасын зақымдау тәсілі бойынша:

- резиденттік - компьютерді инфециялағанда оперативті жадыда өзінің резиденттік бөлігін қалдырады.

- резиденттік емес вирустар компьютердің жадысын зақымдамайды және шектеулі уақыт белсенді болады.

деструктивті мүмкіндіктері бойынша:

- қиянатсыз (қалжыңдар) - компьютердің жұмысына ешқалай әсер етпейтін (өзінің таралуы нәтижесінде дисктегі бос жадыны азайтудан басқа);

- қауіпті емес, әсері дисктегі бос жадыны азайту мен графикалық, дыбыстық және т.б. әсерлермен шектелетін;

- қауіпті (БҚ-ге зақым келтіреді)-компьютердің жұмысында қиын кедергілерге әкеліп соқтыратын;

- өте қауіпті (ДК-ге зақым келтіреді)-бағдарламалардың жоғалуына, мәліметтердің жойылуына, механизм бөліктерінің (мысалы, винчестердің басшалары) тез тозуына немесе зақымдалуына әкеліп соқтыратын.


2714317630702081.html
2714362493153298.html
    PR.RU™